БастыЭкономика

Елімізде доллар мен еуро арзандады

Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,29 теңге. Еуро – 538,01.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516-522 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 520 теңге. Еуро 537-543 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 516 теңге, сатып алу құны – 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 516,19 теңге болған.

TuraNews

Back to top button