БастыҚоғам

Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

28 қаңтарда Uzbekistan Airways авиакомпаниясының HY101 рейсінде ұл бала дүниеге келді.

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің Instagram парақшасында хабарлағандай, қуанышты оқиға авиакомпанияның 33 жылдық мерейтойы күні орын алды.

Толғағы келген әйелге жолаушылар арасындағы акушер-дәрігер мен хирург көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алған. Осы жағдайға байланысты экипаж ұшақты Исландияның Кефлавик қаласындағы қосалқы аэродромға қондыру туралы шешім қабылдады. Қауіпсіз қонғаннан кейін жергілікті дәрігерлер бортқа көтеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетті.

«Ана мен жаңа туған нәресте жергілікті клиникаға жеткізілді», – делінген авиакомпанияның ақпаратында.

TuraNews

Back to top button