БастыСаясатТехнология

Түркияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойыла ма?

Түркия үкіметі жасөспірімдердің қауіпсіздігін қорғау үшін әлеуметтік желіні пайдалануға жаңа ережелер енгізуде.

Түркияда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына қатысты жаңа заң биыл күшіне енуі мүмкін. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу осы бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.

Жаңа заңға сәйкес, кәмелетке толмаған пайдаланушылар әлеуметтік желілерге тек ата-аналары немесе қамқоршыларының жазбаша рұқсатымен ғана тіркеле алады және қолдана алады.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу бұл мәселеде әлемде 13 пен 16 жас аралығындағы шектеулер талқыланып жатқанын атап өтті.

– Біз бұл процесті тиісті министрліктер мен ұйымдармен бірлесе отырып іске асырып жатырмыз. 16 жасқа назар аудардық және осы бағытта бірқатар шаралар жүргізудеміз. Балаларымызды саналы түрде қорғап, оларды білім мен дамуға көбірек көңіл бөлуге ынталандырғымыз келеді. 16 жастан асқан жасөспірімдер әлеуметтік желілерді өз еркімен пайдалана алады, – деді министр.

Уралоғлу бұл шешім психолог мамандардың ұсынымдарына, сондай-ақ басқа елдердің осындай шектеулерді тиімді енгізу тәжірибесіне негізделгенін мәлімдеді.

 

 

TuraNews

Back to top button