Басты

Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері бейресми кездесу өткізді

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ташкент облысында орналасқан «Амирсой» тау-шаңғы курортында бейресми кездесу өткізді.

— Президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін өзара іс-қимылдар барысын талқылап, халықаралық саяси жағдайларға қатысты пікір алмасты, — делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қос ел басшылары Өзбекстан мен Қырғызстанның табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, курорттық орталықтар құру бағытында бірлескен жобаларды ілгерілетуге уағдаласты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуге ниетті.

Сонымен қатар, былтыр Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында 2 өткізу бекеті ашылды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button