Қоғам

ШҚО тұрғыны көрсетілген қырағылық үшін 305 мың теңге алды

«STOP есірткі!» жобасы азаматтық қоғамды есірткінің таралуына қарсы күреске белсенді түрде тартуға бағытталған және есірткі құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.

Биылғы қаңтар айында облыс прокуратурасына есірткі таратылу фактісі туралы алғашқы белгі келіп түсті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 60 гр астам синтетикалық есірткі тәркіленген азамат анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) психотроптық заты екені анықталды.

Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Берілген ақпарат үшін хабарлаған азаматқа 305 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.

Еске саламыз, пилоттық жобаны жүзеге асыру 4 жақты Меморандум негізінде жүзеге асырылуда, бұл Меморандум прокуратура, Полиция департаменті, облыс әкімдігі және «Парыз» қоры арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарына үндеу! Егер сізге есірткі таратылу жағдайлары туралы мәлім болса, 8-771-659-53-22 телефонына немесе «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Жүгінген азаматтарға құпиялылық пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі.

TuraNews

Back to top button