Қырғызстанда кадрлық іс жүргізуді цифрландыру басталды
Цифрландыру жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыс беру, тағайындау, ротациялау, іссапарлар сынды бұйрықтар цифрлық жүйеге көшірлмек.
Елде 2022 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы құжат айналымы цифрлық және қағаз түрінде жүзеге асырылады. Өткен қыркүйекте хаттар мен құжаттардың 700 түріне арналған қағаз форматы алынып тасталды. Сонымен бірге, кадрлық құжаттама қағаз жүзінде қайталанды, бұл көп уақыт және айтарлықтай ресурс қажет етті.
Цифрлық даму министрлігі Кадрлық құжаттаманы цифрландыру барлық мемлекеттік және муниципалдық органдардың жұмысын едәуір жеңілдететінін және жеделдететінін, бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендететінін атап өтті.
Бұған дейін Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің, муниципалдық қызметкерлердің, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің қырғыз тілін меңгеру деңгейі мен мерзімін белгілеу ұсынылғаны хабарланған болатын.