БастыТуризм

Өзбекстан мен Иран бірлескен туризм комитетін құруы ықтимал

Өзбекстан елшісі Фахриддин Насриев пен Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейед Реза Салехи Амири Тегеранда кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, кейінгі бірнеше жылда ресми Ташкент пен Тегеран арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар дамудың жаңа сатысына шықты.

— Кездесу барысында Өзбекстан мен Иранның туризм бойынша бірлескен комитетін құру және ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастықты бекемдей түсу мүмкіндігі талқыланды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Иран тарапы Өзбекстанның туристік компанияларын биыл 11-14 ақпан аралығында Тегеранда өтетін 18-ші Халықаралық туристік көрмеге қатысуға шақырды

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button