БастыСпорт
«Бешикташ жауынгері» Зайнутдинов Түркияны таңғалдыруда
Ыстанбұлдың "Бешикташ" клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың Түркия чемпионатының 19-турында "Бодрумспорға" қарсы өткен матчтағы ойынын жоғары бағалады. Аталған кездесу 2:1 есебімен "Бешикташтың" жеңісімен аяқталды.
Sports24.kz сайтының хабарлауынша, клубтың ресми Instagram парақшасында Зайнутдиновтың суреті жарияланып, оған қысқа да нұсқа сипаттама – «жауынгер» деп жазылды.
Айта кетерлігі, Бахтиер ұлттық чемпионаттың қатарынан үш матчында негізгі құрамда алаңға шықты. «Бодрумспорға» қарсы ойында қазақстандық футболшы орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетті. Биылғы маусымда ол клуб үшін 10 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Bu gönderiyi Instagram’da gör