Әлем

Байден Калифорниядағы өртті штат тарихындағы ең жойқын деп атады

АҚШ президенті Джо Байден Калифорниядағы 11 мың гектарға жуық аумаққа жеткен өртті штат тарихындағы ең ірі және ең жойқын өрт деп атады.

Бұл туралы ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады ресейлік ТАСС.

— Бұл Калифорния тарихындағы ең кең таралған және жойқын өрт, — деді ол.

Байден атап өткендей, АҚШ билігі өртті сөндіру үшін Калифорнияға қосымша өрт сөндіру экипаждары мен ұшақтар жіберді. Сондай-ақ Канададан өрт сөндіру бригадалары мен өрт сөндіру ұшақтары әкелінді, деді ол.

АҚШ президенті қазіргі уақытта 360 мың адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Журналистердің өртті қалпына келтіруге кеткен шығынға байланысты сұрағына Байден нақты жауап бермеді, бірақ шығын өте көп болатынын айтты.

TuraNews

Back to top button