СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының өзекті мәселелері бойынша келіссөздері өтеді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өткен ІІІ халықтық құрылтайда сөйлеген сөзінде халықты әлемдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты су тапшылығының жыл сайын артып келе жатқанын еске салды.
— Біз өзендердің бастауында орналасқан таулы елміз. Біздегі су ресурстары бізді ғана емес, көрші елдерді де қамтамасыз етеді. Бұл ретте үнемделген судың әрбір литрі көршілерімізге көмек. Суды тиімді пайдалану – өзіміздің ғана емес, көршілес елдерде тұратын халықтардың алдындағы жауапкершілігіміз, – деді Қырғызстан Президенті.