Қоғам

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде.

Шығыс Қазақстанда 2025 жылғы су тасқынының алдын алу мақсатында жазғы-күзгі кезеңде қалалар мен аудандардың су тасқынына қарсы жұмыс жоспарлары бойынша 33 іс-шара, инженерлік жұмыстар жоспары бойынша 55 іс-шара толық көлемде орындалды, сондай-ақ облыстың автомобиль жолдарында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, іс-шаралар барысында зардап шеккен учаскелер қалпына келтірілді, су өткізу құбылары (құрылыстары) ауыстырылды. 

Жағалауды нығайтатын бөгеттердің, қорғандардың сыни белгілерінен жоғары көтерілуіне ерекше назар аударылды, бұл елді мекендерді су басу қаупін барынша азайтуға және су көлемін алдыңғы жылдарда байқалғаннан артық қабылдауға мүмкіндік береді.

Жағалауды нығайту бойынша жүргізілген жұмыстардың көлемі 64 км, бөгеттерді, үйінділерді, біліктерді жөндеу (салу) – 36 км құрады, 19 км өзендерің арнасы тазартылды. Бұдан басқа, 58 км арықтар, каналдар салу, 3 көпірлерді жөндеу, 45 су өткізгіш құбырларды (құрылыстарды) ауыстыру, 283 км арықтар мен каналдарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жол картасы, инженерлік жұмыстар , су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлары бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау тасқын сулардың зиянды әсерінің мөлшерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді: ол елді мекендерді су тасқынынан қорғау, материалдық залалды азайту, халық арасында зардап шегушілердің алдын алу.

Сондай-ақ, таулы өзендерге мұздың қалыптасуы кезеңінде екі рет әуеден барлау жүргізілді.

Өңірде болжау элементтері бар гидропосттар бойынша бастапқы деректерді, сондай-ақ су тасқынына қарсы жүргізілетін жұмыстар бойынша ақпаратты көрсете отырып, облыстың цифрлық картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әкімдіктерде мөшек қаптар, инертті және жанар-жағармай материалдарының резерві құрылуда.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 83 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты.

TuraNews

Back to top button