БастыҚоғамЭкономика

Биыл Ақтауда Turkісkills чемпионаты өтеді

Биыл Түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандар арасындағы алғашқы Turkісkills чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлім етті.

— Биыл түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы Түркскилз (Turkісkills) чемпионатын өткізу жоспарлануда.

Бұл іс-шараның түпкі мақсаты — әртүрлі саладағы үздік тәжірибелерді анықтап, экономикасы тығыз байланысты мемлекеттермен инновациялық шешімдермен алмасып, оларды өндіріске енгізуге жол ашатын алаң құру, — деді ол.

Министрдің сөзінше, аталған чемпионатта Түрксой ұйымының мүшелері қатыспақ.

— Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтау қаласы таңдалғандықтан аталған іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру жоспарланып отыр, — деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны еді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button