БастыСаясат

19-шы Астана келіссөздері басталды

Сирия бойынша Астана келіссөздері Қазақстанның бас қаласы Астанада басталды.

Сирия бойынша Астана келіссөздеріне кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегациялары  Қазақстанның бас қаласы Астанада 19-шы рет бас қосты, деп хабарлайды TRT Net.

Келіссөздер Астанадағы бір қонақүйде Ресей және Сирия  Башар Асад режимі делегацияларының екіжақты кездесуімен басталды.

Түрік делегациясы келіссөздер аясында алғашқы кездесуін Біріккен Ұлттар Ұйымының  Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр О. Педерсенмен өткізді.

Түркия делегациясына Сыртқы істер министрлігінің Сирия мәселесі жөніндегі басшысы, Елші Селчук Үнал басшылық етуде. Кездесулерде бақылаушы мәртебесіне ие Иордания, Ирак және Ливан делегациялары да бар.

Екі күндік отырыстарда Сириядағы жалпы жағдай, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен  қоса саяси процестің жан-жақты ілгерілетуі, кепілге алынғандардың босатылуы, хабар-ошарсыз кеткен адамдардың ізделуі сияқты сенім шаралары талқылануда. Сонымен қатар сириялық босқындардың отанына оралуы үшін жағдайдың жасалуы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2642 қарары аясында Сирияны қалпына келтіру үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерінің жұмылдыруы сынды мәселелер қолға алынды.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button