БастыСаясатЭкономика

Өзбекстан билігі елдегі кедейлік деңгейін 6% дейін төмендетуге ниетті

Күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, ел экономикасы 6,3%-ға өсіп, $111 млрд теңелді.

Ірі кәсіпкерлермен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларына $38 млрд инвестиция тартылып, елдің жылдық экспорты $26 млрд асқан.

Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл кедейлік деңгейі 9%-ға дейін төмендейді.

— Егер біз тиімді ынтымақтастыққа негізделген жұмысты жалғастыра берсек, келер жылдары бұл көрсеткішті 6%-ға дейін төмендете алатынымызға сенімдімін, — деді Өзбекстан президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.

Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.

 

TuraNews

Back to top button