БастыСпорт

Қазақстандық футболшылар Түркия суперлигасында кездесті

Түркия суперлигасының 16-туры аясында Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдиновтың клубтары кездесті.

Турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Адана Демирспор» ыстанбұлдық «Бешікташпен» кездесті. Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов матчты негізгі құрамда бастады, деп жазады prosports.kz сайты.

Матчың 31-минутында алаң иелерінің шабуылшысы, нидерландтық Юсуф Бараси есеп ашқан болатын. 39-минутта Абат Айымбетов гол соғып, есепті еселеді. Бұл қазақстандық шабуылшының чемпионаттағы қатарынан екінші матчтағы еголы болды. Ойынның 82-минутында Абаттың орнына алаңға швейцариялық Флоран Шеху шықты.

72-минутта «Бешікташтың» ливиялық футболшысы Әл-Мусрати есепті 2:1 қылды.

Тағы бір қазақстандық футболшы, түркиялық «Бешікташ» сапында өнер көрсететін Бақтиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамнан бастады. Ол алаңға 46-минутта Артур Масуакудың орнына шықты.

Кездесу 2:1 есебімен «Адана Демирспордың» пайдасына аяқталды. Осылайша «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының осы маусымында алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, бес ұпаймен соңғы, 19-орында тұр. «Бешікташ» 25 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Бұған дейін «Адана Демирспор» 14 ойында екі ұпай ғана жинаған еді.

 

TuraNews

Back to top button