Талдау Дүниежүзілік банк пен БҰҰ деректеріне сүйене отырып, 6 негізгі көрсеткіш бойынша: жан басына шаққандағы ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖҰӨ, ұлттық жинақтау деңгейі, адам дамуының индексі, Джини коэффициенті (индикаторы) бойынша кешенді түрде жүргізілген деп жазажы Egemen.kz.
Қазақстан әл-ауқатының орташа деңгейі бар елдердің рейтингіне еніп, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, сондай-ақ Орталық Азия елдерін басып озды:
— Қазақстан 47,36 ұпаймен 49-орында
— Түркия 42,40 ұпаймен 57-орында,
— Әзербайжан 39,25 ұпаймен 71-орында,
— Өзбекстан 35,33 ұпаймен 89-орында,
— Түркіменстан 31,03 ұпаймен 103-орында
— және Қырғызстан 29,36 ұпаймен 114-орынды иеленді.
Рейтингке сәйкес, ең бай елдер Люксембург, Норвегия және Ирландия деп танылған. Люксембургтің өркендеу индексі 86,2-ні құрайды.
Рейтинг нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары елімізде жүргізілген реформалар Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында көтеріп қана қоймай, өз жемісін берген. Мұны негізгі экономикалық көрсеткіштердің артуы да растайды.
Айта кетейік, рейтинг елдер арасындағы айырмашылықтарды түсінгісі келетін саяхатшылар, инвесторлар және зерттеушілер үшін пайдалы.