11 желтоқсанда Федерацияның қорытынды отырысы өтті. Отырыста Даниал Ахметов спорт ұйымының басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кетті, деп жазады BasSport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өз орнына Ольга Рыпакованы ұсынды. Аймақтық федерациялардың басшыларын қоса алғанда, отырыс қатысушылары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова спорттық мансабында үш рет Олимпиада жүлдегері атанған. 2012 жылы Лондонда алтын, 2008 жылы Бейжіңде күміс, ал 2016 жылы Рио-де-Жанейрода қола медаль жеңіп алған.