Қоғам

Ұлытауда өңірлік даму жоспары шеңберінде 88 жоба іске асуда

Ұлытау облысында өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында 88 әлеуметтік-экономикалық жоба жүзеге асырылуда.

Аймақта ширек ғасырға жуық тұралап қалған тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Облыс құрылғалы өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі жыл сайын шамамен 30 процентке артып келеді. 2027 жылға дейін жаңа облыста жалпы құны 740 млрд теңге болатын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Облыс құрылғалы бергі 2 жылдың ішінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 30 пайызға артты. Қазір бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі — алғашқы жел электр станциясы құрылысы. Құны 24,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны қазақстандық және қытайлық үш компания жүзеге асырып жатыр. Нысанның жел діңгектері Жезқазғандағы арнайы аумақта, ал қосалқы электр станциясы Сәтбаев қаласында орнығады. Жалпы саны 16 жел генераторының жыл соңына дейін 3-еуі орнатылады. Жоба толық күшіне енгенде сағатына 100 мегаватт баламалы энергия өндіреді.

Бауыржан Қазанбаев, жел электр станциясының ауысым басшысы:
— Проект бойынша бізде 240 баған көтерілді 35 киловольттық. Сосын 500 метрлік 220 ВЛ проводтарытартылып дайын тұр. биылға план бойынша 3 ветрогенераторды көтеруге, одан кейін келесі жылда қалған құрылысты жүргізіп, 2025 жылдың июнь айында толық күшіне қосылуға дайынбыз.  Облыс экономикасы негізінен өндіріске тәуелді. Өңірде әлеуметтік маңызға ие 19 түрлі азық-түліктің небары 3 түрі ғана өндіріледі. Халық көп тұтынатын тауар санын арттыру бағытында қазір өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынды. Осы мақсатта келер жылы Сәтбаев қаласында арнайы экономикалық аумақ құрылады.

Данияр Арынғазин, облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары:
— Бұл бойынша тиісті жер телімі бөлінді. Шамамен 12 гектар. Арнайы тұжырымдамасы бар. Қолымызда ПСД бар. Осы жобаны іске асыру мақсатында бірқатар инвестициялық ПУЛ жобалар жинақталды. Соның ішінде негізгі жобаны айтып өтуге болады. Бұл теңіз контейнерлерін жасау зауыты. Шамамен инвестиция көлемі 20 млрд теңге құрайды. 2024 жылы Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы саласында ерекше жетістікке жетті. Жалпы ауданы 172 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Оның 92 мың гектары егістік, 79 мың гектары жайылымдық жерлер. Ол жерлер енді мал өсіріп, егін егемін деген шаруаларға беріледі. Келер жылдан бастап ел ішінде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі аталып кеткен бағдарлама жүзеге асырылады.

Данияр Арынғазин, облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары:
— Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау мақсатында облысымызда 4 инвестициялық жобаны 5 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарлануда. Соның ішінде Жезқазған қаласында көкөніс сақтайтын қойма, Ұлытау ауданында суармалы дақылдар мен көкөністерді өсіру шамамен 200 гектарға. Сонымен қатар құс етін өндіру, Жаңаарқа ауданында 5 мың бастық бордақылау алаңын құру.

Өңір экономикасының барлық саласында ілгерілеу бар. Әсіресе өнеркәсіп өнімдерінің үлесі жоғары, ол әдеттегідей тау-кен өндіру секторында сақталып отыр. Негізгі өсім сауда-саттық саласында да тіркелді:

  • Ұлытау облысының экономикалық өсімі 13% артты
  • Жыл басынан бері 157,9 млрд теңге инвестиция құйылды
  • Өндіріс 14 процентке Құрылыс көлемі 33 процентке артты
  • Шағын және орта бизнес нысандары өндірген өнім көлемі 160 млрд теңгеден асты
  • Нәтижесінде 800 жаңа жұмыс орыны ашылды

Облыс құрылғалы тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Биыл жыл соңына дейін 29 көп қабатты үй пайдалануға беріледі. Ал келер жылы тағы 18 үйдің құрылысы басталады. Сонымен қатар 35 жасқа дейінгі жастарды баспанамен қамту үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда. Оған биыл облыс қазынасынан 500 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек бірқатар әлеуметтік нысандар салынды. «Ұлытау дарыны» атауымен бірнеше білім беру орталықтары ашылды. Дарынды балаларға арналған мектеп интернатына 200 орындық жатақхана салынды. Денсаулық сақтау саласы бойынша 27 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Еркебұлан Бейсембаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
— 30 койкалық кардиологиялық бөлім ашылды. «Жез денсаулық» поликлиникасынан ангиохирургия орталығы ашылды. Жезқазған қаласының поликлиникасында 1,5 теслалық күші бар МРТ кабинеті ашылды. Жезқазған қаласында көпсалалы аурухана салынад онкологиялық уклоны бар 150 кереуеттік. Биылғы жылдың тағы бір жетістігі – құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыстар қайта жалғасты. Жаңа жылға дейін Жезқазғанда спорт кешені, Сәтбаев қаласында оқушылар сарайы мен 320 орындық 2 балабақша қолданысқа беріледі.

Source
24.kz

TuraNews

Back to top button