Қатарда өтетін Әлем чемпионатында, футбол жанкүйерлері бір айға жуық уақыт бойы түрлі эмоцияны бастан кешпек, деп хабарлайды BasSport.kz.
Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 60 мың жанкүйер сыятын “Эль-Байт” стадионында өтті. Биылғы әлем чемпионатында 8 топқа бөлінген 32 құрама өзара бақ сынайды.
Санаулы минуттардан кейін осы “Эль-Байт” стадионында алаң иесі Катар мен Эквадор арасында әлем чемпионатының алғашқы матчы өтеді.