Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның бас консулы Жамолиддин Абдукаримов Қазақстанның Маңғыстау облысындағы «Құрық порт» бас директоры Серік Ахметовпен кездесті.
Кездесуде, Серік Ахметов порттың қазіргі жағдайы, инфрақұрылым мүмкіндіктерін кеңейту үшін халықаралық серіктестермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
«Құрық портын болашақта дамыту үшін бірқатар инфрақұрылым жобалары іске асырылмақ, оның ішінде портта «Саржа» көп функциялы теңіз терминалының құрылысы аяқталуда. Бұл көлік-логистика орталығы жобасы астық және көп функциялы терминалдар мен жалпы жүк терминалдарының құрылысын қамтиды. Бұл порттың жүк өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», деген ол.
Сондай-ақ, «Қазақстан тарапы өзбекстандық экспортшылардың өтініштерін қабылдауға және олармен тығыз жұмыс істеуге дайын екенін білдірді»,-делінген хабарламада.