Сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Бүгінгі таңда жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі учаскесінің болашағы туралы деректер бар», — деді Қанат Шарлапаев.
Министрліктің мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды – Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда геологиялық барлаудың инновациялық әдістері енгізілуде.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, солардың бірі – аэрогеофизикалық зерттеулер, ол жер қойнауының құрылымы туралы сапалы заманауи ақпарат беретін және жер қойнауын барлауға инвестиция тарту үшін қажетті деректер көзі болып саналады. Пилоттық жоба Қазақстанның перспективалы өңірлерін, соның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын қамтиды.
Геологиялық деректерді цифрландыру бойынша одан әрі жұмыс жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдануды көздейтін жеке жоба шеңберінде жоспарланған. Жасанды интеллектіні қолдану еліміздің геологиясы туралы жинақталған ақпаратты тез және тиімді пайдалануға және еліміздің болашағын анықтау үшін деректерді талдауға мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ осы жылдың мамыр айында «Тау-Кен Самұрық» пен Ivanhoe қатысуымен бірлесіп геологиялық барлау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келесім жасалды. Бірлескен жұмыс кезінде Қазақстанда мыс, алтын, күміс кен орындарын 1,5 км тереңдікте анықтай алатын Typhoon технологиялары пайдаланылатын болады», — деді Қанат Шарлапаев.