Әлем

Тбилисиде наразылықтың бесінші күні не болып жатыр?

Көшеде ондаған мың адам бар. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Тбилиси мен Грузияның басқа да ірі қалаларында үкіметтің Еуропалық Одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді 2028 жылға дейін тоқтату туралы шешіміне байланысты наразылық шарасы жалғасып отыр, деп жазады Kazinform агенттігі DW ақпарат агенттігі. 

Көшеде ондаған мың адам бар. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.
Наразылық шерулері ел астанасында ғана емес, елдің Батуми, Кобулети, Озургети және басқа да қалаларында өтіп жатыр. DW бағалауынша, Тбилиси мен елдің басқа да ірі қалаларында ондаған мың адам көшеге шықты.

Грузия ІІМ мәліметінше, Тбилисидегі наразылық шерулерінің алғашқы төрт күнінде 224 адам ұсталған.

ВВС мәліметінше, полиция наразылық білдірушілерді Руставели даңғылындағы парламент ғимараты мен оның маңындағы көшелерден ығыстырып жібергенімен, шерушілер орталықта қалып отыр. https://www.bbc.com/russian/articles/c0kv4y6neg5o Тәртіп сақшылары шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданып отыр, олар петардалар атып жауап беріп отыр. Демонстранттар қауіпсіздік күштерінен біршама қашықтықта тұр, бірақ тарамай отыр.

Бұған дейін баспасөз мәслихатында Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузия әлі де ЕО-ға кіруге ұмтылып отырғанын мәлімдеді.

— Мен барлығын еуропалық интеграция кейінге қалдырылмайтынына, барынша күш-жігермен жалғастырылатынына сендіргім келеді, — деді ол.

 

TuraNews

Back to top button