Бұл туралы Өзбекстан Орталық банкінің жеке тұлғалардың валюталық операциялары туралы есебінде айтылған, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Kazinform агенттігіне сідтеме жасап.
Осы кезеңде барлық аударымдардың 78%-ы Ресейден (9,8 миллиард доллар) түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық. Трансферттердің қалған бөлігі Қазақстан (699 миллион доллар), АҚШ (470 миллион доллар), Оңтүстік Корея (458 миллион доллар), Түркия (331 миллион доллар) және Ұлыбритания (109 миллион доллар) сияқты елдерден түскен.
Жеке тұлғалар алған аударымдардың жалпы көлемінің 7 миллиард доллары дәстүрлі халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы, 4,9 миллиард доллары жеке тұлғалардың банктік карталарына тікелей ақша аударымдары арқылы және 650 миллион доллары банктік SWIFT аударымдары арқылы жасалған.
Өзбекстанға 2024 жылы халықаралық ақша аударымдары көлемінің өсу тенденциясы еңбек мигранттарын қабылдайтын негізгі серіктес елдердегі экономикалық белсенділік пен жалақының артуына, сондай-ақ жұмыс күші ағынының әртараптандырылуына және дамыған елдерге миграция ұлғаюына байланысты екені атап өтілді.
Сонымен қатар, биылғы жыл басынан бері жеке тұлғалар банктерге 13,2 миллиард сомаға шетел валютасын сатқан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артық. Жеке тұлғалар сатып алған шетел валютасының көлемі 2%-ға өсіп, 7,7 миллиард долларды құрады.