Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Trend агенттігінің хабарлауынша, құжатқа қол қою үкіметаралық комиссия отырысы аясында өтті.
Меморандумның негізгі мақсаты – Тәжікстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін алаң құру.
Құжатқа Тәжікстан тарапынан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джурахон Джумахонзода, Сауд Арабиясы тарапынан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының президенті Хасан әл-Хувайзи қол қойды.