БастыДенсаулықТехнология

Түркияда алғашқы квантты компьютер таныстырылды

Түркияның TOBB Экономика және технология университеті (TOBB ETÜ) Түркиядағы 5 кубитті алғашқы кванттық компьютерді таныстырып, ғылыми-техникалық жаңалық жасады.

Кванттық компьютер – ақпаратты өңдеу үшін кванттық физика заңдарын қолданатын құрылғы, lдеп жазады Kazinform агенттігі.

Биттермен (0 және 1) жұмыс істейтін кәдімгі компьютерлерден айырмашылығы, кванттық компьютер бір уақытта 0 және 1 болуы мүмкін кубиттерді пайдаланады, бұл классикалық компьютерлерге қарағанда күрделі есептерді тезірек шешуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі компьютерлер мыңдаған жылдарға созылатын болса, кванттық компьютер бірнеше секундты алады.

Түркияның 5-кубиттік кванттық компьютерлік жүйесі әлі де дамудың бастапқы сатысында, бірақ қазірдің өзінде оңтайландыру, криптография, молекулалық модельдеу және жасанды интеллект сияқты салаларда айтарлықтай жаңалыққа жетті.

©AA

TOBB ETÜ университеті олардың мақсатының медицина, энергетика және қаржы сияқты нақты секторға кванттық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау екенін айтты. Бұл даму мемлекеттік ғылыми бағдарламалардың қолдауы мен халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Кванттық компьютер мемлекеттің экономикасында өте пайдалы. Мысалы, атом өнеркәсібінде оны ядролық реакцияларды дәл модельдеу, есептеулерді жылдамдату, реактордың жұмысын оңтайландыру және жаңа материалдарды әзірлеу, саланың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін пайдалануға болады.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптардың 29-конференциясы (COP29) аясында Бакуде өткен Дүниежүзілік Климат әрекеті Саммитінде Түркия ядролық энергияны үш есе ұлғайту бастамасына қол қойғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

 

TuraNews

Back to top button