ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Қырғызстан Жазушылар одағының мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада көптеген қаламгерге медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті деп хабарлайды ТҮРКСОЙ-дың баспасөз қызметі.
Шараға қатысқан Қырғыз Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы Аликбек Жапаров әлеуметтік мәселелерді шешудегі әдебиеттің рөліне тоөталды. Жапаров Жазушылар одағын қолдайтын бірқатар ұсыныстарын айтып, ата-аналарды күніне кем дегенде 15 минут балаларға кітап оқуға шақырды.
Жазушылар одағын халықаралық ұйымдар мен әр елден келген қонақтар да құттықтады. Қатысушылар арасында Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузман, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының президенті Улукбек Есдавлетов, Өзбекстан Республикасы Жазушылар одағының вице-президенті Гайрат Мецидов сынды маңызды есімдер болды.
Барлық баяндамада Шыңғыс Айтматовтың әлем әдебиетіндегі оргы ерекше атап өтілді. Шара соңында Қырғызстан Жазушылар одағының президенті Қаныбек Иманалиевтің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2028 жылды Айтматовтың 100 жылдығы на орай «Айтматов жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданғаны айтылды.