БастыЭкономика

Halyk Bank Тәжікстан нарығынан кетеді

Halyk Bank Тәжікстандағы еншілес ұйымының 100% акциясын сату бойынша келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі «Тәжікстан Халық Банк» ЖАҚ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) «Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ-мен «Тәжікстан Халық Банкі» ЖАҚ акцияларының 100% акциясын сату туралы келісім жасасқанын хабарлайды. «Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ барлық қажетті реттеушілік мақұлдауларға ие болды. Мәміле 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады», — делінген банк хабарламасында.

Мәміле процесі және барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін банк бұрын жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес банктік қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұсына отырып, клиенттердің жұмысын және оларға қызмет көрсетуді әдеттегідей жалғастырады.

Қазақстан Халық Банкі — бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар.

Банк Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Өзбекстанда және Тәжікстанда жұмыс істейді.

TuraNews

Back to top button