БастыСаясат

Украинадағы қазақстандықтарға елден кету ұсынылды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украинадан кетуге шақырды.

Қазақстан елшілігі Украинадағы Қазақстан азаматтарының назарына үндеу жасады, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі. 

«Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.  Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді назарға алып, дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескереміз», — делінген хабарламада.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

TuraNews

Back to top button