Қоғам

Бүгін «25 қазан – Республика күні» әлеуметтік жобасы аясында конференция өтті

Конференцияның баяндамашылары Дарын орталығының директоры, Педагогика ғылымдарының кандидаты — Джеренова Раушан Омарханқызы, Шымкент қалалық маслихат депутаты, «Уақыт» газетінің редакторы – Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Запастағы полиция полковнигі — Салтанат Каракозова; Саясаттанушы – Сәкен Мәжінбеков болды.

Баяндамашылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен жобалардың маңызды рөлі туралы айтып берді.

Сонымен қатар конференцияда жастар тарапынан да Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту жолындағы маңызды қадамдар туралы көптеген қызықты пікірлер мен ойлар айтылды.

Республика күні – еліміздің бірлігін, тұрақтылығын, болашағын ойлайтын әр азамат үшін маңызды күн. Әрқайсымыз осы жолда өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

TuraNews

Back to top button