БастыМәдениетСаясат

Түркі мемлекеттерінің бірыңғай мемлекеттік әнұраны жазылады

Түркі мемлекеттерін біріктіретін ортақ әнұран жазылып жатыр. Түркі халықтарының бай тарихынан сусындаған бұл әнұран сөз бен музыкада олардың қайталанбас мәдениетін көрсетеді.

Бұл туралы Түрік мемлекеттері өнер университеттері одағының төрағасы, Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры Эрхан Өзден мәлімдеді, деп жазады Kazinform.

Эрхан Өзденнің айтуынша, әнұран салтанатты шаралар үшін жазылуда және ол түркі халықтарын біріктіретін ұлттық және рухани құндылықтарды бейнелейді. Оның сөзі мен музыкасын сарапшылар тобы әзірлеп, барлығына түсінікті және қисынды сөздерді таңдайды.

Сонымен қатар Түркі елдерінің энциклопедиялық сөздігін жасау жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бұл сөздік түркі халықтары арасында қолданылатын өнер терминдерін жинақтап, келешекте біртұтас терминология жасауға қызмет етеді. Сөздік өнердің әр саласына арналған жеке тараулар болып ұйымдастырылып, терминдердің шығу тегі мен түркі халықтарының мәдениетіндегі қолданысын көрсетеді.

Сөздік 1-2 жылда, ал әнұран одан ертерек дайын болады деп күтіліп отыр.

TuraNews

Back to top button