Израиль билігі Бакуде өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі жөніндегі тараптардың 29-шы конференциясына (COP29) қатысуды жоспарлаған Израиль президенті Ицхак Герцогтың ұшағы үшін түрік әуе кеңістігін пайдаланғысы келді, деп жазады TRT.
Түркия Израиль Президенті ұшағының түрік әуе кеңістігін пайдалану туралы өтінішін қабылдамады, ал Израиль баспасөзінде Ицхак Герцогтың «қауіпсіздік мәселелеріне» байланысты Әзербайжан сапарынан бас тартқаны турал хабарламалар тарады.