Қоғам

Қазақстанда McDonald’s жұмысын уақытша тоқтатады

Қазақстандағы McDonald’s (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап жұмысын уақытша тоқтатады, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«»Food Solutions KZ» ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып табылады. Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. «Food Solutions KZ» ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам сомаға салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударды.»,деп атап өтті компаниядан.

«Қазақстандағы McDonald’s («Food Solutions KZ» ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады», — делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button