БастыТехнология

Өзбекстанда YouTube платформасын дамыту мәселелері талқыланды

Кездесуде Өзбекстанның цифрлық технологиялар әлеуетін арттыру, YouTube секілді платформаларды дамыту үшін қажетті құқықтық және технологиялық инфрақұрылымды құру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен YouTube платформасының серіктесі, IT нарығында көшбасшылардың бірі саналатын Канаданың «AIR Media Tech» компаниясының бас директоры Степан Михайлов арасында маңызды кездесу өтті, деп жазады TuraNews.kz ӨзА-ға сілтеме жасап.

Кездесудің басты мақсаты – Өзбекстанда YouTube платформасының мүмкіндіктерін кеңейту және шығармашылық экономика саласын дамыту мәселелерін талқылау болды.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу және Өзбекстанда креативті индустрияны дамыту үшін перспективалық бағыттарды айқындауға ерекше назар аударылды.

©ӨзА

Кездесу басында компанияның қызметі туралы кеңейтілген презентация өтті. Онда компанияның әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен YouTube платформасындағы креативті әрі бизнес салаларын дамытудағы табысты стратегиялары таныстырылды.

Сонымен қатар, компания креативті экономиканың басқа да салаларына үлкен көңіл бөліп, цифрлық контентті жасау мен таратудың жаңа тәсілдерін әзірлеп жатқаны айтылды.

Кездесуде Өзбекстанның цифрлық технологиялар әлеуетін арттыру, YouTube секілді платформаларды дамыту үшін қажетті құқықтық және технологиялық инфрақұрылымды құру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, шығармашылық сала өкілдерін қолдау және олар үшін цифрлық қызметтер ұсыну, цифрлық технологияларды әртүрлі салаларға енгізу арқылы жаңа жұмыс орындары мен инновациялық жобаларды құру қажеттігі сөз болды.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты кеңейту және креативті экономика саласына инновациялық технологияларды енгізу бойынша пікір алмасты. Болашақта бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар белгіленді.

TuraNews

Back to top button