Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев мәлімдеді, деп жазады BasSport.kz.
Қазақстандық спортшылардың құрамы:
Биатлон – 10 спортшы
Кёрлинг – 12 спортшы
Конькимен жүгіру – 20 спортшы
Мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы
Шорт-трек – 12 спортшы
Шаңғы жарысы – 12 спортшы
Шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы
Шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы
Тау шаңғысы – 8 спортшы
Фристайл-акробатика – 7 спортшы
Харбин қаласы коньки спорты, шайбалы хоккей және кёрлинг жарыстарын қабылдайды, ал Ябули қаласында шаңғы жарыстары, биатлон және тау шаңғысы өтеді. Жарыста спортшылар жалпы 50 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды.
Қысқы Азия ойындарына биыл құрлықтағы 32 елден 1147 спортшы қатысып, спорттың 11 бағыты бойынша 196 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Айта кетейік, Қазақстан 1996 жылдан бері қысқы Азиада ойындарына қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандық спортшылар 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль жеңіп алған. 1996 жылы Харбинде өткен ІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан 14 алтын, 9 күміс және 8 қола медальмен сәтті өнер көрсеткен еді.