Қоғам

Өзбекстанда циркте жануарлардың өнер көрсетуіне тыйым салынды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда жануарларды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енеді.

Тыйым Мемлекеттік және жылжымалы цирктерге қолданылады. Шешім жануарлардың құқықтарын қорғау және оларды пайдалануды болдырмау мақсатында қабылданды.

Сондай-ақ жеке тұлғаларға тұтқында ұстауға тыйым салынатын жануарлардың тізімі бекітілді.

Осы тізімге енгізілген жабайы жануарлар мен жәндіктерді тек елдің Экология министрлігінің рұқсатымен заңды тұлғалар құрған хайуанаттар бағы мен бақтарда ұстауға болады.

 

TuraNews

Back to top button