Қырғызстанда әуе компаниялары пайдаланушыларына сертификат беруге мораторий енгізілді
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Әуе компаниялары пайдаланушыларын тіркеуге және сертификат беруге тыйым салуды (мораторий) енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, ұлттық авиация жүйесін нығайту, сондай-ақ оның ашықтығын, сенімділігін және халықаралық талаптарға сәйкестігін арттыру мақсатында жаңадан құрылған әуе компанияларына мемлекет басшысының тиісті шешіміне дейін оператор куәлігін тіркеуге және беруге тыйым салынады.
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттiк агенттiгiне белгiленген тәртiппен ұшуды тек Қырғыз Республикасынан тыс жерлерге орындайтын, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ел әуежайларында орналаспаған әуе кемелерi (ұшақтары/тікұшақтары) бар әуе компанияларының қызметiн тексеру жүргiзу тапсырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін әуе компаниялардың тіркеу және операторлық куәлігін жою қажет. Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетiне осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау, сондай-ақ шешiмдерiн соған сәйкес келтiру тапсырылды.