Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан басшылары – Илһам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайып Ердоған және Шавкат Мирзиеев – ұйымның түркі әлемінің бірлігі мен ортақ мәдени тамырын бейнелейтін жаңа символын мақұлдады.
Жаңа тудың түсі – бейбітшілік пен өркендеуді білдіретін көгілдір фон, сондай-ақ жарты ай мен жұлдыз, сегізбұрыш және тең тараған сәулелері бар күн бейнеленген.
Көгілдір түс – тарихи түркі дәстүрлеріне меңзейді.
Сегізбұрыш – түркі халықтарының ежелгі мемлекеттілігі мен тұрақтылықты бейнелейді және тудың әрбір бұрышыТүркі мемлекеттері ұйымының толыққанды мүшелері және бақылаушы-мүшелері болып табылатын елдерді де білдіреді.
Күн мен оның қырық сәулесі — жарық пен өмірлік қуатты, ортақ құндылықтар мен жарқын болашаққа ұмтылысты білдіреді.
Жарты ай мен жұлдыз — түркі мемлекеттілігінің және прогрестің символы ретінде көрініс тапқан.