Экономика

Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді

Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлерде жаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп жазады TuraNews.kz.

Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.

Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.

Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатау ауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.

TuraNews

Back to top button