Бұл туралы Өзбекстанның Орталық банк төрағасы Мамаризо Нурмұрадов мәлімдеді.
2024 жылы Өзбекстанға ең көп ақша шілде (1 миллиард 785 миллион доллар) және тамыз (1 миллиард 555 миллион доллар) айларында аударылған.
Үш тоқсан ішінде аударымдардың басым бөлігі келесі елдерден келген:
- Ресей — 8,8 миллиард доллар;
- Қазақстан — 625 миллион доллар;
- Оңтүстік Корея — 420 миллион доллар;
- АҚШ — 415 миллион доллар;
- Түркия — 291 миллион доллар;
- Ұлыбритания — 93 миллион доллар;
- Польша — 48 миллион доллар.
«10 айда Өзбекстанға 12,5 миллиард доллар көлемінде ақша аударымдары түсті. Өсу көрсеткіші Ресейден 35 пайыз, Ұлыбританиядан 67 пайыз, Оңтүстік Кореядан 76 пайыз, Польшадан 97 пайыз, БАӘ-ден 66 пайыз болды», – деп атап өтті Орталық банк төрағасы.