БастыСаясат

Ердоған Қырғызстанға ресми сапармен барады

5-6 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ресми сапармен барады.

Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің айтуынша, алдағы сапар аясында Қырғызстан мен Түркия басшыларының шағын құрамда кездеседі, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының төрағалығымен Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жоғарғы кеңестің алтыншы отырысы өтеді.

«Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ 6 қарашада Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады», — деп атап өтті шенеунік.

 

TuraNews

Back to top button