+7 (000)… Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп қолданады
Үкімет Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын бекітті.
Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің (+7) 7-ші аймағының нөмірін бірлесіп пайдалануды жалғастырады, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», — деп жазылған қаулыда.
Сонымен қатар, Ресей мына кодтарды тәртіпте қолдана алады: 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) деген нөмір қолданылады.
Қазақстанға мына кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).
Екі мемлекет те мына кодтарды пайдалана алады: 100-199, 800-809 және 881-899.
Қазақстан Үкіметінің қаулысына 26 қазанда қол қойылды.