Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында өзбекстандықтар «Avtoraqam» сервисі арқылы 620 млрд сумға (шамамен $48,4 млн) 152 мың VIP көлік нөмірін сатып алған.
Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасының мәліметінше, бір жыл ішінде VIP көлік нөмірлерінің сатылымы 2,6 есе өскен.
«Бұл ретте автонөмірлердің 97% — жеке тұлғалар, 3%-ын заңды тұлғалар сатып алды. Нөмірлердің ең арзаны 1,7 млн сумға ($133) бағаланса, ал ең қымбаты 517,1 млн сумға ($40,4 мың) саудаланды», — делінген республикалық тауар-шикізат биржасының хабарламасында.
Сондай-ақ, биылғы 9 айда биржада 14,6 млрд сумға ($1,1 млн) бағаланған 3 577 VIP ұялы телефон нөмірі сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.