Мәдениет

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Халықаралық конференция өтті

Бүгін Алматы қаласында замананымыздың заңғар жазушысы, әдебиет классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған шаралар өз жалғасын тапты.

Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақтаның ашылуы, Достық үйінде Жазушылар Одағының бастамасымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Конференцияға Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Литва және т.б. шетелдік жазушылар мен еліміздің зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты

Жиынды Жазушылар Одағының төрағасы М.Құлкенов жүргізді. Алғашқы сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Құттықтау хатын оқып, жазушыны ұлықтауға арналған конференция жұмысына табыс тіледі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қалдыбеков, ТҮРКСОЙ ұйымының төрағасы С.Раев, Халық жазушысы С.Елубай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин, халық әртісі А.Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Көшербаев, Қырғыз Республикасының ақыны М.Азаматов, жазушының қызы Ш. Нұрпейісова классик жазушының сан түрлі тұлғалық қырларына тоқталып, шығармашылығы туралы сөз етті.

Конференция жұмысына Сыр өңірінің делегациясы арнайы қатысты.

Шарада сөз алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.Байманов аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың құттықтауын оқып, конференция ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сәттілік тіледі.

Конференциядан кейін абыз ақсақалдың рухына арналған салтанатты ас берілді.

TuraNews

Back to top button