Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Қазақстанда осы жылдың 9 айында 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылған.
2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20% үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді, — деді министр.
Оның айтуынша, жыл басынан бері салаға 124 миллиард теңге инвестиция жұмсалған.
Осы жылдың тоғыз айында шамамен 124 миллиард теңге инвестиция тартылып, оның өсімі екі есе болды. Өндіріс көлемі 3 триллион теңгеге жетті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды, — деді Қанат Шарлапаев.