Қытай мен Үндістан басшылары Татарстанға сапармен барды
Кеше Татарстан астанасы Қазанда БРИКС саммиті басталды.
БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Татарстанға келді, деп жазады Kazinform агенттігі.
Саммитке Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса, Эфиопия премьер Аби Ахмед, Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейра бастаған делегация және Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси де ат басын Қазанға бұрған.
РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Қазандағы БРИКС саммитінің негізгі тақырыптары – көпжақтылықты нығайту, бірлестіктің жаңа мүшелерінің интеграциясы, жаһандық күн тәртібі, сондай-ақ аймақтық қақтығысты реттеу. Алдын ала мәлімет бойынша, шараға 59 мемлекеттен 20 мыңға жуық делегат, сондай-ақ екі мыңға жуық тілші қатыспақ.
Айта кетейік, 22-24 қазан күндері Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтуде.