Салтанатты шараға Қазақстанның ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар, Түркі мемлекеттері одағы басшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев және жергілік қазақ диаспорасының өкілдері, түрік ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиында сөз алған Бақытжан Омар жиналған қауымға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізді. «ТҮРКСОЙ ұйымы әлемнің әр жерінде осы уақытқа дейін мыңдаған мәдени шара өткізді. Оның ішінде Стамбұлда да ірі жобалар дайындадық. Енді осы жаңа кеңсемізде де маңызы зор шара өткізетін боламыз»,- деді Омаров.
Түркі мемлекеттері одағы басышының орынбасары Мерей Мұқажан ТҮРКСОЙ ұйымының осы уақытқа дейін атқарған маңызды шараларына тоқталып, ұйымның түркі әлеміндегі рөлі жайыда баяндады.