БастыҚоғам

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 қазанда күндіз найзағай жарқылдайды.

Күн райының қолайсыздығына байланысты Қазгидромет еліміздің 9 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

21 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік жүреді.

Талдықорған қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай қаласында 21 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда қаласында түнде найзағай күтіледі.

21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с болады.

Түркістан қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қаласында 21 қазан күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

21 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

21 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

21 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 22 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Тараз қаласында 21-22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сондай-ақ, Астанада апта бойы жаңбыр жауады. 21 қазан күні Астанада сылбыр жаңбыр болады. Орташа температура 6°C деңгейінде болғанымен, 4°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 8°C-қа дейін көтеріліп, түнде 4°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ал, Алматыда аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.

TuraNews

Back to top button