Қоғам

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды

Қырғыз-тәжік шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының хабарлауыша, жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23:44-те болды.

«Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым және Нооката қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 шақырым қашықтықта тіркелді. Тереңдігі — 10 км. Магнитудасы — 4,6 балл», — делінген ақпаратта.

Қазіргі сәтке дейін жапа шеккендер туралы мәлімет түспеген. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

 

TuraNews

Back to top button