СаясатЭкономика

Тәжікстанда жүк тасымалдау көлемі артты

2024 жылдың 9 айында Тәжікстанда 99,7 миллион тонна жүк тасымалданған.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 15,2 пайызға өсті, деп хабарлайды елдің Көлік министрлігі.

Ведомства хабарлауынша, 9,7 млрд тонна-километрді құраған жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға артық.

«Жүктің 95,1 пайызы автомобиль көлігімен тасымалданды. Осы кезеңде автомобиль көлігімен 94,8 млн тонна жүк жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық.

Сонымен қатар, бұл жөнелтілімдердің 31,5%-дан астамы (31,4 млн тонна) Тәжікстан көлік министрлігі жүйесіндегі кәсіпорындармен жүзеге асырылды» денілген хабарламада.

TuraNews

Back to top button