inDrive 5 миллиард келісімді тіркеді
Келісім – бұл inDrive қолданушылары көрсеткен қызметтер, оған қалалық және қалааралық сапарлар, курьер қызметі және жүк тасымалы, шеберлердің көмегі және т.б. жатады.
inDrive көлік және қалалық қызметтер жаһандық платформасы осы уақытқа дейін 5 миллиард қызмет көрсеткені туралы хабарлады. Мерейтойлық транзакция 2024 жылдың қыркүйегінде болған, олар – inDrive қазір жұмыс істеп тұрған 46 елде күн сайын көрсетілетін көптеген қызмет, деп хабарлайды TuraNews.kz.
inDrive Қазақстанда 2014 жылы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда компания елде қалалық және қалааралық тасымалдау, курьерлік және B2B жеткізу қызметі, жүк тасымалы, сондай-ақ шебер қызметтерін ұсынады. Қазақстанда inDrive-тың ең үлкен аймақтық хабы орналасқан, онда шамамен 1000 қызметкер жұмыс істейді. 2023 жылы компанияның негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды.
Бастапқыда inDrive бірегей модель ұсынды, онда пайдаланушы мен жүргізуші автомобиль сапарының жолақысын өзара келіседі. Уақыт өте келе қызметтерге қалааралық тасымал, жеткізу, жүк тасымалы және үй жинау, ұсақ жөндеу жұмыстары сияқты түрлі қала қызметтері қосылды.
Қазақстандағы inDrive компаниясының кантри-менеджері Арай Бекембаев: “5 миллиард келісімге жету – біздің жаһандық командамыздың еңбегі және қолданушыларымыздың бізге деген сенімі. Біздің қызметтерімізге түрлі аймақтарда, әсіресе бұрын мұндай сервистер қолжетімсіз болған жерлерде де сұраныс бар екеніне көз жеткіздік. Платформаны дамыту барысында біз спорт, өнер, гендерлік теңдік және білім саласындағы жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған inVision бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – тек қызметтерді ұсыну ғана емес, жұмыс істеп жатқан қауымдастықтарымызда оң өзгерістер жасауға ықпал ету”, – деп атап өтті.
11 жыл ішінде inDrive қолданушылары жалпы ұзақтығы 123 500 жылды құрайтын сапар жасап, 32 миллиард шақырым қашықтықты еңсерді. inDrive өз қызметтерін дамыту мен жаңа қызметтерді енгізуді жалғастырып келеді.
inDrive 2030 жылға қарай 1 миллиард адамның өміріне оң әсер ету мақсатына ұмтыла отырып, түрлі нарықтарда қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
inDrive компаниясы туралы
inDrive – АҚШ-тың Калифорния штаты, Маунтин-Вью қаласында орналасқан көлік және қалалық қызметтер көрсететін жаһандық платформа. 2022 және 2023 жылдары inDrive қосымшасы әлем бойынша ең көп жүктелген екінші қосымшасы болды, оны 240 миллионнан астам рет жүктеген. Сапардан бөлек, inDrive қалааралық сапар және жүк тасымалы, шебер шақыру, курьерлік және B2B жеткізу қызметі сияқты қалалық қызметтердің толығып келе жатқан тізімін ұсынады.
inDrive әлемнің 46 еліндегі 779-дан астам қалада қызмет көрсетеді. Компания жергілікті қауымдастықтарды өзара келісімді төлем моделі мен білім беру, спорт, өнер, ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін қауымдастықты қолдау бағдарламалары арқылы қолдайды.
Толығырақ ақпаратты www.inDrive.com сайтынан табуға болады.